Бірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз: Оралда 9-қабаттан секіріп кеткен жасөспірімдер жайлы не белгілі

0
113

​Жасөспірімдердің мәйіті көпқабатты үйдің артынан табылған.


Бірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз: Оралда 9-қабаттан секіріп кеткен жасөспірімдер жайлы не белгілі

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Орал қаласында 6 қазанға қараған түні екі жасөспірім 9-қабаттың шатырынан секіріп кетті. Қайғылы оқиға Құрылысшы шағын ауданында шамамен сағат 23:45-те болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Желіде тараған мәліметке сүйенер болсақ, екі жасөспірімнің бірі – 2010 жылғы ұл бала, колледж студенті, ал екіншісі – 2012 жылғы қыз бала мектеп оқушысы болған.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, екі жасөспірімнің қазасына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себебі тексерілім жатыр.

Жасөспірімдердің мәйіті көпқабатты үйдің артынан табылған.

Мәліметтерге сүйенсек, биыл 11 мамыр күні дәл осы шағын ауданда 27 жастағы ер адам 13-қабаттан секіріп кеткен.