Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

0
1 003

Солтүстік Қазақстан облысында түнде өңірдің оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.


Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

ERNUR.KZ. Қазгидромет 20 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады baq.kz.

20 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде өңірдің оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында және солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.