Қайта құру жұмыстарымен қамтылған жолдың жалпы ұзындығы 212 шақырымды құрайды.
Жолды көлікпен жүріп өту уақыты 2,5-3 сағатқа дейін қысқарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Атырау облысында «Атырау-Астрахан» жобасы аяқталуда. Қайта құру жұмыстарымен қамтылған жолдың жалпы ұзындығы 212 шақырымды құрайды. Мердігерлер асфальттың соңғы жоғарғы қабатын төсеуде. Құрылысқа 612 маман мен 408 арнайы техника жұмылдырылды.
Қазір бұл жолмен тәулігіне 5 мыңға жуық автокөлік өтсе, жол пайдалануға берілгеннен кейін көлік қарқындылығы 75%-ға артады деп күтілуде.