Биыл Қазақстанда қыс жылы болады, деп хабарлады Қазгидромет.Қарашаның соңында шығыста температура –20°C дейін төмендеуі мүмкін, ал солтүстік-батыста –14°C, солтүстік-шығыста –17°C дейін болады.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Желтоқсанда айтарлықтай аяз байқалмайды, ал қаңтар мен ақпан айларында солтүстік-шығыста –20°C сәл асады, деп жазады zakon.kz.
Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде тұман, кей өңірде жел күшейеді. Солтүстік аймақтарда қар жауады. Республика бойынша көктайғақ және тұман күтіледі.
13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірде қатты жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.Аружан Мұратова, "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы
Экологтардың пікірінше, климаттағы өзгерістер жаһандық жылынумен байланысты. Келесі жылдары ауа райы мезгілге сай болмауы мүмкін, ал он жылдық перспективада еліміз тарихтағы ең ыстық кезеңді бастан кешуі ықтимал.
Қазір бір күн қар, бір күн жаңбыр болып отыр. Бұл табиғи құбылыс емес және ғаламдық жылынудың салдары. Халықтың тек 20%-ы қоқысты қайта өңдеуге береді, қалғаны қоршаған ортаны ластайды.Айдана Қыдырова, эколог


