Биыл Қазақстандағы мал шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3 трлн теңгеге жетті

0
86

Биыл 28 мың бас жылқы экспортқа шығарылды.


Биыл Қазақстандағы мал шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3 трлн теңгеге жетті

ERNUR.KZ. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елімізде ірі қара мал саны 1,7%-ға өсіп, 8,4 млн басқа жетті. Жылқы саны 6,7%-ға, түйе саны 4,5%-ға, құс саны 4,4%-ға өсті. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, ет өндірісі 2,8%-ға өсіп, 914 мың тоннаға жетті, ал сүт өндірісі 3,3 млн тоннаға дейін ұлғайып, өткен жылдың көрсеткішінен 5,2%-ға жоғары болды.

«Мал шаруашылығының жалпы өнімінің өсімі 3,4% деңгейінде қамтамасыз етіліп, оның көлемі 3 трлн теңгеге жетті. Өндірілетін өнім көлемі ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге және бірқатар бағыт бойынша экспортты кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді спикер.

Айта кетерлігі, биыл 28 мың бас жылқы экспортқа шығарылды. Алғаш рет бордақылау алаңдарына айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 5% мөлшерлемемен 12 ай мерзімге жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаға аясында 50 млрд теңге несие беру қарастырылған. Оған ірі қара мал мен ұсақ мал бордақылайтын қажетті инфрақұрылымы бар кәсіпорындар қатыса алады.