"Біз барлығына дайын болуымыз керек": Абаев карантин уақытын ұзарту мәселесі туралы айтты

0
820

"Мемлекет басшысы тапсырмасы, нақты жұмыс жоспары және Ұлттық қорда жиналған қаражат бар".


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингіде карантин уақытын ұзарту мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Ешкім екі апта бұрын эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды, бірақ біз барлығына дайын болуымыз керек. Сондықтан кеше айтылған барлық шаралар - жағдай күрделеніп кетсе де тыныштық пен тұрақтылықты сақтау кепілі. Ол үшін бізде қажетті шарттардың барлығы жасалған. Мемлекет басшысы тапсырмасы, нақты жұмыс жоспары және Ұлттық қорда жиналған қаражат бар. Осы ретте Ұлттық қорға қаражат жинау шешімі Елбасының көрегендігінің тағы бір дәлелі деп айтуға болады", - дейді деді Абаев онлайн брифингте.