Жөндеу науқанын тиімді өткізу үшін кемінде 4 ай қажет, деп толықтырды Ахметов.
ERNUR.KZ. Заңның солқылдақтығынан мемлекет Риддер жылу электр орталығын коммуналдық меншікке ала алмайды, деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, деп жазады Sputnik.kz.
"Мен монополиясыздандыру туралы заң жобасын әзірлеу қажеттігін президентке жеткіздім. Қазір бұл мәселемен (энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне алу туралы заң жобасын әзірлеумен – Sputnik) үкімет айналысып жатыр", - деді Ахметов үкімет кулуарында.
Журналистің "Риддер жылу электр орталығы мемлекеттік меншігіне өте ме?" деген сауалына солай болады деп үміттенетінін жеткізді. Сонымен қатарәкім қазір Риддер ЖЭО-да жағдай қиын екенін, ЖЭО қожайындары қол қусырып отырғанын және бизнеске бір тиын да салмағанын атап өтті.