“Біздің юрисдикциямызға жатады“ - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуров туралы

0
97

Үкімет кулуарында журналистер Нұрлан Сабуров Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне көмек сұрап жүгінген-жүгінбегенін сұрады.


“Біздің юрисдикциямызға жатады“ - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуров туралы

фото: tengrinews.kz.

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтан әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдай сұралды. Еске салайық, Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін ол Қазақстанға келген еді, деп жазады tengrinews.kz.

Үкімет кулуарында журналистер Нұрлан Сабуров Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне көмек сұрап жүгінген-жүгінбегенін сұрады.

"Менің білуімше, жүгінген жоқ. Соңғы уақытта, әсіресе соңғы үш күнде бұл мәселелермен айналысқан жоқпыз. Қазір негізгі мәселе - Таяу Шығыс және азаматтарымыздың елге аман-есен оралуына көмектесу", - деп жауап берді Әлібек Бақаев.

Министр орынбасарынан Сабуровтың Қазақстаннан кеткені рас па және егер ол елге қайта оралса не болады деген сұрақ қойылды. Себебі оған қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

"Бұл жөнінде ІІМ-нің көші-қон органдарына жүгінген дұрыс шығар, олар ішкі көші-қон мәселесі (қадағалайды - еск.). Мұндай сұраулар болған жоқ. Ол Қазақстан азаматы, сондықтан толықтай біздің заңнаманың юрисдикциясына жатады", - деді Бақаев.

Оның мәліметінше, Ресей билігі де Қазақстан СІМ-ге жүгінбеген.