Суы бар құдықтың тереңдігі 2,5 метр болған.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында 4 жасар қыз бала құдыққа құлап кетіп, көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 23 тамыз күні Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болды.
Сағат 10.30-да ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала жеке үйдің ауласындағы ашық тұрған, суы бар құдыққа (тереңдігі 2,5 метр) құлап, батып кеткен.
Қыздың денесін жергілікті тұрғындар сағат 10.40-та шығарып алды.
Бұл – Жаңақала ауданында биыл орын алған екінші қайғылы оқиға.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі баланың құдыққа құлап, қаза тапқанын жазған болатынбыз.