БҚО-да МИ-8 апатынан қаза тапқандардың есімдері белгілі болды

0
620

Бортта бес экипаж мүшесі мен жолаушы – «Қазтрансойл» АҚ өкілі болған.


БҚО-да МИ-8 апатынан қаза тапқандардың есімдері белгілі болды

ERNUR.KZ. 2023 жылдың 23 ақпанында «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 АМТ 2022 тікұшағы Батыс Қазақстан облысының аумағына апатты жағдайда қонды. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қаза болғандардың фотосуреттерін ұсынды, деп жазады zakon.kz.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі бүкіл ұжым атынан авиациялық апат кезінде қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

23 ақпан күні сағат 15:50-де Чапурино елді мекенінен 6 шақырым жерде Атырау – Орал – Атырау бағыты бойынша «Қазтрансойл» АҚ тапсырысы бойынша құбырдың үстінен ұшып келе жатқан «Қазавиапас» АҚ My-8 AMT 2022 тікұшағы апатты жағдайда қонды.

Бортта бес экипаж мүшесі мен жолаушы – «Қазтрансойл» АҚ өкілі болған.