Өрт сөндірушілер жеткен мезгілде 50 шаршы метр аумақта төбе мен жеке заттардың жанып жатқаны анықталды.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында екі адамның өліміне соқтырған өрт оқиғасы тіркелді, деп жазады inform.kz.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 қаңтар күні сағат 20.11-де Бәйтерек ауданы Көшім ауылындағы тұрғын үйде болды.
Өрт сөндірушілер жеткен мезгілде 50 шаршы метр аумақта төбе мен жеке заттардың жанып жатқаны анықталды.
- Бөлімшелер жеткенге дейін полиция қызметкерлері екі адамның денесін алып шыққан. Олардың біреуі ер, екіншісі әйел адам. Тілсіз жау сағат 21.30-да толықтай ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады ведомстводан.


