БҚО-да сәбіз жұтып қойған бір жасар сәби қайтыс болды

0
704

1 жас жеті айлық сәбиді анасы сағат 13:20-да аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген.


БҚО-да сәбіз жұтып қойған бір жасар сәби қайтыс болды

ERNUR.KZ. БҚО-да 31 желтоқсан күні сәбіз жұтып, тыныс алу жолдары бітелген 1 жасар сәби қаза тапты, деп жазады stan.kz.

1 жас жеті айлық сәбиді анасы сағат 13:20-да аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Ол кезде бөбекте өмір сүру белгілері болмаған. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлер сәбиге жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Алайда нәтиже болмай сағат 13:50-де баланың өлімі анықталған.

Дәрігерлер "Механикалық асфиксия. Тыныс алу жолдарының бөгде затпен жабылуы" диагнозын қойды. Ал сәбидің тынысын тарылтқан бөгде зат сәбіз болған.