Жүргізуші шашылып қалған шабдалыларды тұрғындарға жинап алуға рұқсат берген.
Фото: ЖИ
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында ерекше апат болды. Самара-Шымкент тас жолында шабдалы тиеген жүк көлігі аударылып қалды. Апаттан кейін жол бойына ондаған тонна жеміс шашылып қалды, деп жазады stan.kz.
Жүргізуші шашылып қалған шабдалыларды тұрғындарға жинап алуға рұқсат берген. Дегенмен оның арты жанжалға ұласты. Адамдар жеміске таласып, бір-бірімен сөзге келген.


