Бұған дейін ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев қызметінен шеттетілген болатын.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ және ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар қызметкері жауапкершілікке тартылды, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды.
Бұдан басқа, QAJ орталық аппараты мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкерлері мен мамандарына қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды», - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін аталған себептерге байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен шеттетілген болатын.