Білім және ғылым министрінің бұйрығымен мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын басып шығару жұмысын үйлестіру бойынша жұмыс тобы құрылған.
фото : Вnews.kz
Республикалық және пәндік комиссия қазақ және орыс тіліндегі 3, 6 және 8 сыныптарға арналған 186 оқулықты қарастырды. Олардың ішінде 138 білім беру мекемелерінде қолдануға ұсынылды. Бұл туралы Алматы қаласының аймақтық коммуникация қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Оқулық" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбітгүл Каримова айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
Білім және ғылым министрінің бұйрығымен мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын басып шығару жұмысын үйлестіру бойынша жұмыс тобы құрылған.
Жұмыс тобының құрамына 15 журналист пен қоғам белсенділері, 17 ғылым-лингвистер, 75 пән мұғалімдері (23 ғылым, 44 мұғалім және 8 әдіскер) кірген.
Осы жылдың 9-ы мен 26 сәуір аралығында жұмыс тобы 3, 6 және 8 сыныптар мен мектепке дейінгі балаларға араналған балалар әдебиетіне қатысты басылымға дейінгі жұмыстарды атқарды.
Арнайы мамандар пәндік және республикалық комиссияның әрбір ескертуіне қатысты жұмыс жүргізді. Осы жұмыс барысында тапсырмалар, әдеби шығармалардағы үзінділер, иллюстрациялар, оқулықтағы ғылыми түсініктемелер бойынша нақты ұсынымдар беріліп, баспа барлық ескертулерді қарастырып шықты. БАҚ өкілдері оқулықтардағы мәтіндердің әлеуметтік қабылдауына байланысты пікірін білдіріп, қарап шықты. Тіл білімі мамандары оқулықтардың лингвистикалық сараптамасын жасап, терминдердің аудармасы мен дұрыс жазылуы тексеріп шықты.
"Атқарылған жұмыс оқулықтардың сапасын арттыруға өз көмегін тигізеді деген үміттеміз. Әрбір оқулыққа қатысты атқарылған жұмыс туралы егжей-тегжейлі жұмыс тобының мамандары айтып береді", - деді Бейбітгүл Каримова.