Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмысы ұдайы жүргізілуде, азаматтарға барынша ыңғайлы жағдай жасалуда
ERNUR.KZ. ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Галина Сәрсенбаева босқынның жол жүру куәлігін қайдан алуға болатынын түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Тағы бір жаңа қызмет - босқынның жол жүру куәлігін беру. Бастапқы кезеңде бұл куәліктер көші-қон қызметі басқармаларында берілетін болады. Ақпараттық жүйелер пысықталғаннан кейін, бұл шараларды халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмысын ұдайы жүргіземіз, оларды азаматтардың алуы үшін барынша ыңғайлы етудеміз», - деді Г. Сәрсенбаева Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бөлек ол құжаттандыру және тіркеу мәселелеріне аса назар аударылып отырғандығын атап өтті. Себебі әрбір азамат бұл қызметтерді алу үшін жүгінеді.
«Соңғы жылдары біз бұл процестерді барынша жеңілдеттік. Қазіргі кезде құжаттарды беру мерзімі 15 күнге дейін қысқарды. Бұл үшін құжаттарды дайындайтын жаңа орталықтар ашылды. Олар қазір төртеу, яғни Астанада, Шымкентте, Ақтөбеде, Алматыда. Бұл жұмыстар құжаттарды жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді», - деді ол.