Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары мен департамент директорының ұсталуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары мен департамент директорының ұсталуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Біздің министрліктің вице-министрі мен департамент директоры ұсталып, қамауға алынды. Әрине, бұл бізге өте ауыр тиді. Дегенмен, менің ойымша, қазіргі уақытта осы мәселе бойынша тергеу органдары мен осы адамдардың адвокаттары ақпарат беруі тиіс. Өз тарапымнан министрлік еш нәрсе білмейтінін, өйткені материалдарды тергеу органдары тәркілегенін айтқым келеді. Біз қазір бұл мәселе бойынша қандай да бір комментарий бере алмаймыз", — деді Бозымбаев бүгін үкімет отырысынан кейін журналистерге.
Айта кетейік, энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен министрліктің департамент директоры Жан Нұрбековке, бұдан бөлек мердігер компанияның тағы екі өкіліне жемқорлық айыбы тағылып отыр. Олар сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.