«Браконьерлік Қазақстанда азайған жоқ. 2016 жылғы бес айдың өзіндекиік атуға қатысты 33 факт тіркеліп отыр. Жыл басынан бері ұсталған браконьерлер жүзден астам киікті өлтірген.
ERNUR.KZ. 2016 жылдың бес айында Қазақстанда браконьерлер жүзге тарта киікті өлтірген, деп жазады ҚазАқпарат.
Ал, сәуір-мамыр айларында жүргізілген әуе санағының қорытындысына қарасақ, Қазақстанда 108 300 киік, Қазақстандағы киіктердің «атамекені» Үстірт таралымында небары 1900 киік қалған.
«Браконьерлік Қазақстанда азайған жоқ. 2016 жылғы бес айдың өзіндекиік атуға қатысты 33 факт тіркеліп отыр. Жыл басынан бері ұсталған браконьерлер жүзден астам киікті өлтірген. Заңсыз тасымалданған мыңнан аса мүйіз тәркіленді», - деп хабарлады бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында АШМ Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақытбек Дүйсекеев.
Маманның айтуынша, шығыс медицинасы аталық киіктің мүйізі сан сырқатқа дауа деп есептейді екен. Сондықтан, заңсыз киік аулап, оның мүйізін сатып, пайда көретіндер бар. Ал, аталық киік азайған соң, бөкендердің көбеюі де тоқтайды.
Б.Дүйсекеев атап өткендей, Ауыл шаруашылығы министрлігі Бетпақдала, Орал және Үстірт таралымдарын күзету үшін қосымша шараларды қолға алады.