Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

0
133

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.


Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Жұмада елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп жазады zakon.kz.

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Алматы облысының орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматыда күннің екінші жартысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 18 м/с.

Қызылорда облысының шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 25 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысынның батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыста найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді және таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күңдіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.