Бүгінге дейін Қазақстан Тәжікстанға 21 млн АҚШ долларын көмек ретінде берді

0
144

30 қыркүйекте Душанбеде Тәжікстан тарапына гуманитарлық көмек тапсыру рәсімі өтті.


Бүгінге дейін Қазақстан Тәжікстанға 21 млн АҚШ долларын көмек ретінде берді

фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Уалихан Төреханұлы 5 мың тонна мазутқа арналған сертификатты Тәжікстан Үкіметінің Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің басшылығына табыстады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандық дипломат екі ел арасындағы стратегиялық қатынастар аясында Қазақстан тарапынан қанша көмек берілгенін атап өтті.

"Екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастар аясында Қазақстан басшылығы Тәжікстан Республикасына 871,9 миллион теңге – шамамен 1,67 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады", – деді Қазақстан елшісі.

Гуманитарлық көмек Қазақстанның халықаралық даму агенттігі "KazAID" арқылы көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар Тәжікстанға азық-түлік өнімдері – 67 тонна өсімдік майы, 50 тонна сүт консервілері және 144,5 миллион теңгеге (276 мың доллар) 325,6 тонна қарақұмық жеткізілді.

Соңғы 5 жылда Қазақстан тарапынан Тәжікстанға жеткізілген гуманитарлық көмек көлемі 21 млн АҚШ долларынан асты.