Үш ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салынды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап елден пиязды экспорттауға тыйым салу туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы күшіне енді, деп жазады zakon.kz.
«Үш ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжатта.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау тапсырылды.
17 қаңтарда Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстаннан пияздың жаппай экспортына жол бермеу және оның бағасын тұрақтандыру үшін үш ай мерзімге пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.