Курорттық аймақтарға тек алдын ала жолдама алған туристер ғана кіргізіледі.
ERNUR.KZ. Бірқатар туристік нысан қайта ашылады. Нақтысалақ, Ақмола облысындағы 22 демалыс орны жұмысын жандандыруға рұқсат алып отыр. Шешім арнайы тексерістен кейін қабылданған, деп хабарлайды Atameken Business.
Ондағы барлық санитарлық талаптардың сақталуына арнайы мамандар жауапты болады. Сондай-ақ, жаңа ереже бойынша әр демалушыға 4 шаршы метрден орын берілуге тиіс. Сонымен, жағажайларын қайта ашуға рұқсат алған нысандардың 10-ы – Бурабайда, тағы 12-сі – Зерендіде.
Бірақ мұнда тағы бір талап қойылған. Яғни, курорттық аймаққа тек алдын ала жолдама алған туристер ғана кіргізіледі.
Есте болса, бұл жерлерге 24 шілдеден бастап карантин енгізілген. Оған өңірдегі тұрғындардың шектеулерге құлақ аспай, жаппай жағажайға келуі себеп болған еді.