Мемлекет басшысы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған кітаптар жайлы пікір білдірді,
«Біз оқыған шақта қолымызға тимеген құндылық бұл», - Назарбаев 100 жаңа оқулық жайында
Мемлекет басшысы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған кітаптар жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ baq.kzақпараттық порталына сілтеме жасап.
«Бүгінгі күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мәселесінің бірнеше тарапын орындап келеміз. Ол бес саладан тұрады, өздеріңіз білесіздер. Соның ішіндегі ең маңыздысының біреуі – дүниетаным жөнінде 100 кітапты қазақ тіліне аудару. Мұндай бұрын-соңды болған емес. Менің кабинетімде, жұмыс үстелімде жатыр кітаптың барлығы. Бір аптадан бері отырып, кітапты парақтадым. Біз оқыған шақта қолымызға тимеген құндылық бұл. Мен президент ретінде жұмыс істеген кезде амалсыз солардың барлығымен біліп-танысып шықтық. Менеджмент болсын, басқару болсын. Бірақ та, ғылым салалары жөнінде, психология мәселесі жөніндегілерді салыстырып қарасақ, біз кейбірімен танысқан жоқпыз. Ағылшын тілінде осы күні жастарымыз оқып жатқан шығар. Бірақ, қазақтың баласы таныспаған. Сондықтан, бір жағынан қазақ тілін байытып, екінші жағынан, білімді одан әрі дамытамыз деген үлкен үмітіміз бар, соны орындап отырмыз», - деді Мемлекет басшысы.
Салтанатты шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылып, жарық көрген алғашқы 18 оқулықтың тұсауы кесілді.