Cargolux Airlines Қазақстанға қайта ұша бастады

0
111

1 маусымда жүк ұшағы Астана халықаралық әуежайы арқылы транзиттік рейс орындады.


Cargolux Airlines Қазақстанға қайта ұша бастады

Фото: kmgaero.kz

ERNUR.KZ. Люксембургтің ірі жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux Airlines өз рейстерін Қазақстан арқылы қайта ұшыра бастады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Қ.Тоқаевтың Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатыр. Рейстердің ашылуы Үкіметтің, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының және отандық авиация саласы өкілдерінің бірлескен жұмысының жемісі. Boeing 747 ұшақтары 130 тонна тауар тасымалдауға қауқарлы. Бірнеше жылдық үзілістен кейін Cargolux әуе компаниясының жүк лайнері бас қалаға келіп қонды. Алып ұшаққа Астана әуежайының мамандары қызмет көрсетіп, 100 тоннаға жуық жанар-жағармай құйылды. Отынды жеткізуші – "ҚазМұнайГаз-Аэро" компаниясы.

Айталық, Орталық Азиядағы ең арзан авиациялық жанармай Қазақстанда. Бұл да жаңа бағыттарды іске қосуға себеп болып отыр.