Исламның денесі төртінші күні табылып, судан шығарылды.
ERNUR.KZ. Отбасымен бірге Дағыстанға қыдырып барған 47 жастағы қазақстандықтың денесі үш күннен кейін табылды, деп жазады stan.kz.
Марқұм сапбордтан Каспий теңізіне құлаған. Исламның денесі төртінші күні табылып, судан шығарылды.
“Қайғылы оқиға 3 тамызда Дағыстанның Избербаш қаласында болды. Сапбордпен келе жатқан ол тақтайшаға соқтығысқан. Салдарынан 6 адам зардап шекті: құтқарушылар төртеуін судан шығарды, біреуі жағаға өз бетімен шықты. Өкінішке орай, бір адам суға батып кетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды”, – деп жазды Ресейдің Төтенше жағдай министрілігі.