Данияр Кесікбаевтың қайын атасының үйінен 30 миллион доллар тәркіленді

0
1 016

Тінту барысында алынған қаражатты дүйсенбіде санап бастап, сәрсенбіде аяқтаған.


Данияр Кесікбаевтың қайын атасының үйінен 30 миллион доллар тәркіленді

Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың төрт резиденциясына екікүндік тінту барысында әр түрлі валютада 30 миллионнан аса АҚШ доллары табылды, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Тінту барысында алынған қаражатты дүйсенбіде санап бастап, сәрсенбіде аяқтаған. Газет мәліметінше, үйден тәркіленген қаражат АҚШ доллары, сингапур доллары және малайзиялық ринггиттер болған. Тінту шаралары Наджиб Разак құрған 1MDB мемлекеттік инвестициялық даму қорының жемқорлық ісіне байланысты жүргізілген. Тергеу мәліметінше, сол қордан тоғыз жыл ішінде 3,7 миллиард доллар жоғалып кеткен.