Дәрігердің қателігінен 450 күн ес-түссіз жатқан бала Нұр-Сұлтанға жеткізілетін болды

0
1 103

Павлодарлық баланы емдеген дәрігерге қатысты тергеу жүріп жатыр


Дәрігердің қателігінен 450 күн ес-түссіз жатқан бала Нұр-Сұлтанға жеткізілетін болды

ERNUR.KZ. Павлодардағы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан кішкентай Кәрім араға бір жыл салып республикалық нейрохирургиялық орталыққа ауыстырылады, деп жазады sputniknews.kz.

Дәрігерлер өзара ақылдаса келе осындай шешім қабылдапты. Олар "операцияның қажетті жағдайлардың барлығы қарастырылған, білікті мамандар құрамы толық жасақталған кәсіби клиникада жасалғаны жөн", – дейді. Санитарлық авиация сәбиді алдағы мерекелер өткеннен кейін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізеді.

Бұған дейін "Хабар 24" арнасы Кәрім Тәңірбергеновтың 450 тәулік бойы ес-түссіз жатқаны жайында айтқан болатын. Баланың ата-анасы: "Сәбиіміз жекеменшік мануалды терапевтің қабылдауынан кейін осындай жағдайға душар болды", – деп отыр. Екі мойын омыртқасы сынған. Ол өздігінен демала алмайды. Отандық дәрігерлер мұндай жағдайға алғаш рет тап болған.

Кәрімовтер отбасына Қорған қаласындағы Илизаров орталығының мамандары көмек ұсыныпты.

"Біз баланы әуе көлігімен жібереміз. Жанында балалар реаниматологы болады. Қорған қаласына тоқталар болсақ, бірнеше мәрте сөйлестік. Олармен үнемі байланыстамыз. Емдеу тактикасына келісіп отыр. Ал баланы емдеген дәрігерге қатысты тергеу жүріп жатыр. Біз денсаулық сақтау басқармасы Қоғамдық денсаулық департаментіне көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен лицензиясының дұрыстығын анықтау мақсатында хат жолдадық", - дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбсары Сәуле Арыстанова.