Дәрігерлердің қауіпсіздігі: еліміздегі стационарларда 152 полиция посты орнатылды

0
137

Бұл қадам оқиғаларға жедел әрекет етуге, шиеленістердің алдын алуға және медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.


Дәрігерлердің қауіпсіздігі: еліміздегі стационарларда 152 полиция посты орнатылды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі мен аумақтық полиция департаменттері республика бойынша медициналық ұйымдарда тәулік бойы жұмыс істейтін 152 полиция постын іске қосты, деп жазады baq.kz.

Полиция посттары мынадай мекемелерде орналасқан:

  • қалалық стационарларда – 30;
  • облыстық стационарларда – 10;
  • балалар стационарларында – 12;
  • перинаталдық орталықтарда – 5;
  • аудандық орталық ауруханаларда – 48;
  • аудандық ауруханаларда – 23.

Бұл қадам оқиғаларға жедел әрекет етуге, шиеленістердің алдын алуға және медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.

Министрлік бұл шараны соңғы уақытта медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайларының жиілеуіне байланысты қабылдағанын атап өтті.

Еске салайық, Мемлекет басшысы қызметтік міндетін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.