"Денсаулығына зиян келтірген": Павлодарда баланы сүндеттеген дәрігер сотталды

0
121

Хирург 2023 жылы баланы сүндетке отырғызында, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген.


фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Павлодарда кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамаған дәрігерге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады sputnik.kz.
Ақ халаттының ісі Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Оған "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамау" бойынша айып тағылған.
Хирург 2023 жылы баланы сүндетке отырғызында, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сотта дәрігердің кінәсі толық дәлелденген.
Баланың ата-анасы соттан ауыр жаза тағайындауды сұрады. Сот сотталушының кәмелетке толмаған үш баласының барын, бұған дейін қылмысты болмағанын ескерді.
"Сот үкімімен сотталушыға пробациялық бақылау белгілеумен міндеттер жүктеп және мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындалды", - дейді ведомство.
Сондай-ақ ол 1 жыл мерзімге хирург ретінде медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.