Жас ғалымдар өндірістен шықпай-ақ PhD дәрежесін алуға мүмкіндік алды.
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
ERNUR.KZ. Бұл туралы елордада «Болашақ бейнесі: нәтижеден — жаңа стратегияға» атты форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп жазады inform.kz.
— Бұған дейін шәкіртақы мөлшері екі есе өсті, оны тағы да өсіруді бастаймыз. Қазір докторанттардың шәкіртақысы — айына 252 мың теңге. Оны тағы екі есе өсіруге келесі үш-төрт жылға бағыт алдық, — деді Саясат Нұрбек.
Сонымен қатар ол елде «Индустриялық PhD» атты бағдарлама басталғанын еске салды. Енді жас ғалымдар өндірістен шықпай-ақ үш жылдың ішінде жеңілдетілген форматпен, модельмен PhD дәрежесін алуға мүмкіндік алды.


