Докторантураға түсу емтихандарын 17-22 тамыз аралығында жоғары оқу орындары өздері өткізеді.
иллюстрациялық фото
Елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Карантин режимінің ұзартылуына байланысты докторантураға құжаттарды қабылдау 10 тамызға дейін жүзеге асырылады. Докторантураға түсу емтихандарын 17-22 тамыз аралығында жоғары оқу орындары өздері өткізеді. Докторантураға қабылдау 28 тамызда аяқталады. PhD мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік гранттардың саны 1 815 құрайды.
Емтихандарды өткізу кезінде медициналық қызметкерлердің жұмысы ұйымдастырылады, оқуға түсушілерді аудиторияларда отырғызу барысында әлеуметтік қашықтық қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қатаң маска режимі сақталады.
Айта кетсек, COVID-19 пандемиясы жағдайында ағылшын тілін білу IELTS халықаралық тестін дәстүрлі форматта тапсыру мүмкін болмауына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігінде жоо түлектеріне магистратура мен докторантураға түсу үшін Duolingo English Тest және IELTS INDICATOR тапсыруға рұқсат беретін бұйрыққа қол қойылды.
Еске салсақ, магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініш қабылданып жатұандығы туралы хабарлаған болатынбыз.