Фото: x.com/whitehouse
АҚШ пен Орталық Азия елдері көшбасшыларының кездесуі кезінде президент Трамп Қазақстанға баруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Трамп мырза, Сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ Президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма?" - деген сұрақ қойылды.
"Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – ред). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз", - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.


