Донецк облысындағы қарулы қақтығыстарға қатысқан қазақстандық темір торға тоғытылды

0
107

Прокурор азаматқа 6 жылға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.


Донецк облысындағы қарулы қақтығыстарға қатысқан қазақстандық темір торға тоғытылды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Атырауда шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысқан қазақстандыққа үкім шықты, деп жазады zakon.kz.

Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралғанын мәлімдеді.

"Сотпен анықталғаны – Атырау қаласының тұрғыны С. ҚР азаматы бола тұра, 2024 жылдың наурыз айының соңында Мәскеуге келіп, Ресей Федерациясының уәкілетті органдарымен ерікті түрде әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан.Қысқа мерзімді оқудан және киім-кешек алғаннан кейін, танк полкінің құрамында әскери дәрігер ретінде Донецк облысында қарулы қақтығыстарға заңсыз қатысқан.2024 жылдың желтоқсанында қарулы қақтығыс барысында жарылғыш құрылғы жарылып, сынық жарақатын алып, әскери госпитальге жатқызылған",- делінген ақпаратта.
Прокурор азаматқа 6 жылға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады. Ал сотталушы болса кінәсін толықтай мойындап, шын ниетпен өкініп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
"ҚК-тің 172-бабының санкциясында 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.Сотпен жаза тағайындау кезінде жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде: асырауында жас балаларының болуы және шын жүректен өкінуі танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.Сот үкімімен сотталушы С.-ға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды"- деп мәлімдеді ведомство.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.