Досаев 2 млрд теңге болатын әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмысын тоқтатты

0
635

Алматының басты көшелерінің бірін жөндеуге екі миллиард теңге бөлінген.


Досаев 2 млрд теңге болатын әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмысын тоқтатты

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаев шығыны 2 млрд теңгеге шыққан әл-Фараби даңғылын жөндеу жұмысын тоқтатты, деп жазады Stan.kz.

Досаевтың айтуынша, бұған дейін Алматының басты көшелерінің бірін жөндеуге екі миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражат қаланың жөндеуді қажет ететін аудандарына жол салу және жөндеу жұмыстарына бағытталады.

“Мен бүгін әл-Фараби даңғылынан Саин көшесіне дейінгі орташа жөндеу жұмысын 2 млрд теңгені құрайтын жобаны тоқтату туралы шешім қабылдадым. Себебі жолы жөндеуді шұғыл қажет ететін аудандар бар. Резервтерді іздеу бойынша жұмыс жалғасады", - деді Президенттің қатысумен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының басында Алматыға жұмыс сапарымен баратынын айтты.

Тоқаев қалаға қатысты нақты мәселелер сол сапары барысында талқыланатынын айтып, қала әкімі Ерболат Досаевқа Алматы жұртшылығымен тығыз жұмыс істеу керек екенін жеткізді.

"Алматы – біз үшін ерекше қала. Алматының рухын жаңғыртып, қала тұрғындарының қалыпты күйін қайтаруымыз керек", – деді президент.