Досаев отставкасынан кейін алматылықтарға үндеу жасады

0
94

Досаев әкім лауазымында өткізген кейінгі үш жылын “елеулі сын-қатерлер кезеңі” деп атады.


Досаев отставкасынан кейін алматылықтарға үндеу жасады

фото: Ulysmedia.kz.

ERNUR.KZ. Алматының экс-әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарына үндеу жасады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Досаев әкім лауазымында өткізген кейінгі үш жылын “елеулі сын-қатерлер кезеңі” деп атады.

— Ең алдымен, туған қаламда еліміздің тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірінде қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін мемлекет басшысына ризашылығымды білдіремін. Бұл мен үшін зор құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік те болды. Жұмысым басталғаннан осы жоғары сенімді ақтау үшін барлық білімім мен жинаған тәжірибемді қолдануға тырыстым және Алматыны тұрақты даму жолына шығару мақсатын ұстандым, — деді бұрынғы әкім.

Еске салайық, бүгін, 24 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босатты. Оның орнына қала басшысы болып Дархан Сатыбалды тағайындалды.