Досаев: тойға арналған кредит түрін жоя алмаймыз

0
1 496

Ерболат Досаев жалпы несие қоржыны ішінде тойға деп алынатын несие көлемі 9,5 пайызды құрайтынын жеткізді.


Досаев: тойға арналған кредит түрін жоя алмаймыз

ERNUR.KZ. ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында қазақстандықтар көп жүгінетін несие түрлері сөз болды, оның ішінде тойға деп алатындары да бар, деп жазады Zakon.kz.

Ал, тойға деп несие алатындар туралы не айтасыз деп сұрады Дариға Назарбаева Ұлттық банк басшысынан.

Ерболат Досаев жалпы несие қоржыны ішінде тойға деп алынатын несие көлемі 9,5 пайызды құрайтынын жеткізді.

"Өкінішке қарай, тұтынушылық несиемен айналысатын барлық банктегі несиелерді алып қарастырдық, тойға деп алғандары 9,5 пайызды құрайды. Сондықтан табысы несие алуға жетіп тұрса, бұл несие түріне ешкім тыйым сала алмайды, оған құқығы жоқ. Әрине, бұл әрбір отбасының өз таңдауы, өз шешімі. Өкінішке қарай, көбіне несиені ата-анасы алады, бірақ оны жастарға өтетіп жатады. Осындай фактілер көп бізде" - дейді ол.

Оның айтуынша, бұл халықтың қаржылық сауаттылық деңгейінің төмен болуының салдары.

"Біз ҚР Қаржыгерлер қауымдастығымен, банктермен, жергілікті әкімдіктермен осы ретте жұмыс істеуге келістік. Егер несие ала ма, оны өтеуі керек. Тойға деп алған қарыз ақша да несие түрі, оған тыйым сала алмаймыз, бірақ оның көлемі мен санын шектеуге болады" - деді Досаев.

"Несиені беретіндердің де, оны алатындардың да жауапкершілігін күшейту керек", - деді Назарбаева.