Оқиға жергілікті тұрғындар арасында “Скалки” деп аталатын аумақта болған.
Фото: Пан Степан
ERNUR.KZ. Қостанай облысы, Лисаковск қаласында 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Қайғылы оқиға болған күні кәмелетке толмағандар тобы су айдынының жанында болған және болжам бойынша, жасөспірім жүзуді нашар білсе де, бәстесіп суға секірген.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі баланың қаза тапқанын растады.
“Лисаковск қаласында Тобыл өзенінде 2011 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кеткен”, – деді ТЖ жою басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Инеш Какимова.


