Дубайда әлемдегі ең биік метро станциясы салынады

0
184

Оның биіктігі 74 метр болады.


Дубайда әлемдегі ең биік метро станциясы салынады

ERNUR.KZ. Дубайда жаңа метро желілерін салу жұмыстары басталды, деп жазады baq.kz.

Khaleej Times хабарлағандай, жаңа метро желілері қаланың солтүстік-шығыс бөлігін өзгертіп, көлік кептелісін жеңілдетеді және Дубай халықаралық әуежайымен тікелей байланысты қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ осы жоба аясында Дубай айлағында жаңа станция – Emaar Properties салынады. Ол әлемдегі ең биік метро станциясына айналады. Оның биіктігі 74 метр болады.

Сонымен әлемдегі ең биік метро станция 2029 жылы ашылады деп күтілуде.