Экологиялық заңбұзушылықтарға жол берген кәсіпорындарға 707 млн теңге айыппұл салынды

0
656

2021 жылдың 1 жартыжылдығында республика бойынша 570 экологиялық тексеру жүргізілді.


Экологиялық заңбұзушылықтарға жол берген кәсіпорындарға 707 млн теңге айыппұл салынды

2021 жылдың І жартыжылдығында республика бойынша 570 экологиялық тексеру жүргізілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылдың 1 жартыжылдығында республика бойынша 570 экологиялық тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы 1338 нұсқама берілді. Олардың 52% орындалды. Бұл ретте заңбұзушылықтарға жол берген кәсіпорындарға жалпы сомасы 707,13 млн теңгеге 1128-ден астам әкімшілік айыппұл салынды», – деп хабарлады миинистрліктен.

Бүгінге дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ 5811 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін анықтаған. Оның 34% жойылғаны хабарланып отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша табиғи қоқыстардың пайда болуын жою және оны болдырмау мақсатында рекреация аймақтары бойынша рейдтер жүргізілуде»,– делінген хабарламада.