Елбасы Бауыржан Байбекке бірқатар тапсырма берді

0
691

Былтыр 213 мың адам партия көмегіне жүгінген.


Елбасы Бауыржан Байбекке бірқатар тапсырма берді

ERNUR.KZ. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында халықпен кері байланыс орнату, саяси актив құрамының сапасын жақсарту және саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық барысы талқыланды. Бауыржан Байбек былтыр 213 мың адам партия көмегіне жүгінгенін атап өтті. Әлеуметтік зерттеу нәтижесінде әрбір төртінші азамат қандай да бір мәселе туындаған жағдайда арыз-шағымын осы ұйымға жолдайтыны айтылды. Сондай-ақ нұротандықтар ауыл-ауылды аралап, халықтың жай-күйімен танысып жүргені жөнінде есеп берілді. Елбасы өз кезегінде аймақтардың инфрақұрылымдық мәселелеріне баса мән беру керектігін айтты. Әсіресе, ішкі жолдардың қалпына келтірілуі – азаматтар үшін маңызды жайт деді партия төрағасы.