Ұлттық банк Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің және уәкілетті ұйымдардың ақша айырбастау орындарының қызметі уақытша тоқтатылғанын мәлім етті.
ERNUR.KZ. Елімізде ақша айырбастау орындарының қызметі уақытша тоқтатылды, деп жазады Экспресс К.
"Интернеттің тұрақсыз жұмысына және Алматы мен өзге өңірлерде контртеррористік операцияларға байланысты банк жүйесінің жұмысын қалпына келтіру халық және бизнес үшін қажеттілігі мен әлеуметтік маңызына қарай кезең-кезеңімен іске асырылады", делінген хабарламада.
Барлығы елдегі ахуалға байланысты болмақ. Ұлттық банк осыған орай екінші деңгейлі банктердің және уәкілетті ұйымдардың ақша айырбастау орындарыныңі жұмысы олардың қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіздігі мен амандығы үшін уақытша тоқтатқан.