Елдің төрт аймағында қарлы боран кесірінен жолдар жабылды

0
961

Қазавтожол"-дың мәлімдеуінше, бұл аймақтарда автокөліктің кез келген түрімен жолға шығуға болмайды.


Елдің төрт аймағында қарлы боран кесірінен жолдар жабылды

ERNUR.KZ. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарында боран және жол дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп жазады Stan.kz.

Қазавтожол"-дың мәлімдеуінше, бұл аймақтарда автокөліктің кез келген түрімен жолға шығуға болмайды.

Ақмола облысы бойынша:

  • Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында: Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін.

Ақтөбе облысы бойынша:

  • Самара-Шымкент тас жолы: Белогорка ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін;
  • Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай тас жолы: Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін.

Қостанай облысы бойынша:

  • Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай тас жолы: Ақтөбе облысының шекарасынан Рудный қаласына дейін;
  • Денисовка-Жітіқара-Муктыкөл тас жолы: Денисовка ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін;
  • Қостанай-Әулиекөл-Сурған тас жолы: Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Қызылорда облысы бойынша:

  • Самара-Шымкент автожолы: Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін.

Штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда жүргізушілерден 1403 нөміріне қоңырау шалу сұралады.