Электр станциясындағы тауарлар мен материалдар қолды болды

0
630

Шығын көлемі 4 млн теңгеден астам сомаға бағаланып отыр.


Электр станциясындағы тауарлар мен материалдар қолды болды

ERNUR.KZ. Белгілі болғандай, Еуроазиаттық энергетикалық корпорацияға қарасты Ақсу электр станциясындағы тауарлық-материалдық құндылықтар ұрылардың "қазынасына" айналған, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған қылмысқа барды деген күдікпен Павлодар облысының төрт азаматы ұсталды. Олар ек жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Кәсіпорынға келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бабы үшінші бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы Мақсат Сапарғалиев.

Айта кетейік, Ақсу электр станция – елдегі ірі электр энергиясын өндірушілердің бірі. Кәсіпорында жұмыс істейтін 8 энергоблок 2450 МВт көлеміндегі электр энергиясымен қамтамасыз етеді.