​Еліміз бойынша ет экспортынан Түркістан облысы алда

0
1 296

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мәлімдеді.


​Еліміз бойынша ет экспортынан Түркістан облысы алда

ERNUR.KZ. Етті экспортқа шығару жоспары 25% артық орындалды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері «Ауыл шаруашылығының негізгі салаларындағы бір жылдағы нәтижелер: мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы» атты тапқырыпта өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

21 желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, ет экспортының көлемі 18,8 мың тоннаны құраған. Ал жоспарланған көлем 15 мың тонна. Сыртқа шығарылған еттің тең жартысы Түркістан облысына тиесілі. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2017 жылы экспортқа шыққан еттің көлемі 5,5 мың тоннаны құраған.

Ағымдағы жылдың екінші жартсынан шағын және орта шаруашылықтарға негізделген «Етті мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасын іске асыру басталып кетті. Оны жүзеге асыру үшін арнайы жеңіл несие беруді қарастыратын «Сыбаға» бағдарламасы бастау алды. Жұмыс жылдың екінші жартсында басталғанымен белгіленген межеден артық орындалды. Бүгінгі таңда 700 фермер несие алды.

Шаруашылықтардың ірі қар мал сатып алу бойынша жылдық жоспары 50,0 мың бас. 11 айда 67 мың басқа өтінім қабылданып, 55 мың бас малға берілген өтінім қабылданып, несие берілген. Сондай-ақ «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 170 мың бас қой сатып алынған.

Аналық малды асылдандыру бойынша жоспар 1,0 млн.бас. Бүгінгі таңда асылдандыруға 977 мың бас мал (98%) қатысып отыр.

Қазақстанға 14,5 мың бас ірі қара әкелінген. Аз уақыт мал әкелуде кідіріс болды (шілде-желтоқсан), оған себеп импорттаушы елдердің эпизоотиялық жағдайы.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметі бойынша, 2018 жылы 15,1ц/га астық өнімділігінен 22,8 млн.тонна бидай жиналды. Жалпы астық көлемі өткен жылдан 760 мың тоннаға немесе 3%-ға артық, астық өнімділігі 0,6 ц/га немесе 4%.

Қияр бағасына қатысты айтатын болсақ, спикерлер биылғы жылы қияр егу көлемі 2,5 мың гектарға артқан, жалпы өнім көлемі 460 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдан 50 мың тоннаға артық. Ішкі нарықтағы сұраныс 480 мың тоннаны құрап отыр.

Көкөніс бағасының күрт өсуі күннің мерзіміне байланысты. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген себептен бөлек азық-түлік тауарлары бағасының өсуі – тауарлардың және өнімнің бағасының артуына тікелей әсер етеді (жанар-жағармай, электрқуаты, коммуналдық қызмет).

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлер азық-түлік өнімдеріне өңірлік тұрақтандыру қорларын құрып жатыр, Қазақстанның 5 ірі қалаларында көтерме және бөлшек сауда орталықтары құрылысы жүргізілуде.