Елімізде автокөлікті жалға алу қызметі азайған

0
686

Жеңіл автомобиль секторында қызмет көрсету төмендеп отыр.


Елімізде автокөлікті жалға алу қызметі азайған

ERNUR.KZ. Автокөлікті жалға алу бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 37,1%-ға азайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, жеңіл автомобильдерді жалға беру бойынша қызметтер секторында көрсетілген қызметтер көлемінің төмендеуі байқалды.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы қызмет көлемі 80,2 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылға (127,4 млрд теңге) қарағанда 37,1%-ға аз. Оның ішінде халық қаражаты есебінен 7,4 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.

Ауылдық жерлерде қызмет 4,9 млрд теңгеге көрсетілді.