Діни басқарманың мәліметінше, дін қызметкерлерінің ең төменгі жалақысы – 85 мың теңге.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілді, деп жазады inbusiness.kz.
"ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалған еді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне өсті", – деп жазылған хабарламада.
"Оның ішінде өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, үздік 200 медресе шәкірті және 132 медресе ұстазы бар. Ал қазіргі таңда ҚМДБ ұйымдастыруымен 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілуде", – деді ҚМДБ.