Елімізде құлан саны 4,6 мыңнан асады

0
87

Ғалымдар мен табиғатты қорғау ұйымдарының көпжылдық еңбегінің нәтижесінде Қазақстанда құлан популяциясы жетерліктей қалпына келтірілді.


Елімізде құлан саны 4,6 мыңнан асады

ERNUR.KZ. Қазақстандағы құланды қайта жерсіндірудің тарихы тереңде жатыр және оған 70 жыл толып отыр. ХХ ғасырдың ортасында бұл жануарлар еліміздің аумағынан толықтай жойылып кетті. 1953 жылы Түрікменстандағы қорықтан Барсакелмеске жеті құлан әкелініп, түрді табиғатқа қайта қайтару жөніндегі жүйелі жұмыстың бастамасы болды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ брифингінде осылай деді.

Ғалымдар мен табиғатты қорғау ұйымдарының көпжылдық еңбегінің нәтижесінде Қазақстанда құлан популяциясы жетерліктей қалпына келтірілді.

«Бүгінде олардың саны елімізде 4,6 мыңнан асады және олар Қазақстанның дала және шөлейт экожүйелерінде кеңінен таралуда», – деді ведомство өкілі.

2024 жылы 42 құлан «Іле-Балқаш» резерватына және 24 құлан Қостанай облысындағы «Алтын Дала» резерватына көшірілді. Ағымдағы жылдың күзінде тағы 17 құлан «Іле-Балқашқа», ал 19 құлан «Алтын Далаға» жеткізілді. Бұл шаралар жергілікті популяциялардың тұрақтылығын арттыруға және түр бұрын жойылып кеткен аймақтардағы табиғи байланыстарды қалпына келтіруге бағытталған.