Елімізде машина жасау өндірісі 9,4%-ке артқан

0
681

Салалар бөлінісіндегі өсім тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 16,9%-ті, газ өндіруде – 6,4%-ті, шикі мұнай өндіруде 5%-ті, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде – 4,2%-ті, металл кендерін өндіруде – 1,8%-ті, көмір өндіруде – 1,7%-ті құрады.


Елімізде машина жасау өндірісі 9,4%-ке артқан

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері елдегі өндіріс көлемі 5,8%-ке артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі байқалуда. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында өндіріс көлемі 5,8%-ке өсті. Барлық өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, сондай-ақ Атырау және Жамбыл облыстарында байқалуда», - деді Ә. Қуантыров Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,4%-ке, оның ішінде компьютер, электронды және оптика құралдар жасаудың – 19,7%-ке, автомобиль жасаудың – 18,6%-ке өсуі байқалды.

Сондай-ақ құрылыс материалдары – 9,5%-ке, сусындар – 18,7%-ке, пластмасса бұйымдары – 14,3%-ке, дайын металл бұйымдары – 10,8%-ке, фармацевтика өнімдері – 6,4%-ке, киім өндірісінің – 13,8%-ке өсуі қамтамасыз етілді. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,4%-ке ұлғайды.

Салалар бөлінісіндегі өсім тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 16,9%-ті, газ өндіруде – 6,4%-ті, шикі мұнай өндіруде 5%-ті, өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде – 4,2%-ті, металл кендерін өндіруде – 1,8%-ті, көмір өндіруде – 1,7%-ті құрады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4%-ке жеткен. Нақты сектордағы өсім 5,1%, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,4%-ке дейін ұлғайған.