Елімізде жұмыс берушілерге жалғызбасты ана мен әкені жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

0
115

Тиісті ережелер “еңбек қауіпсіздігін жақсарту, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру” мәселелеріне қатысты заңда қамтылған.


Елімізде жұмыс берушілерге жалғызбасты ана мен әкені жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Жұмыс берушілерге жалғызбасты аналар мен әкелерді жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ. Енді ер адамдардың балаларды күтуге жұмсаған уақыты зейнетке шыққаннан кейін жұмыс өтіліне есептеледі, деп жазады stan.kz.

Тиісті ережелер “еңбек қауіпсіздігін жақсарту, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру” мәселелеріне қатысты заңда қамтылған. Оны Мәжіліс жалпы отырыста екінші оқылымда қабылдады.

Депутат Ерлан Сайыров құжаттағы негізгі өзгерістерді атап өтті. Жұмыс берушілерге жалғызбасты аналар мен әкелерді жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ. Енді ер адамдардың балаларды күтуге жұмсаған уақыты зейнетке шыққаннан кейін жұмыс өтіліне есептеледі.

Тиісті ережелер “еңбек қауіпсіздігін жақсарту, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру” мәселелеріне қатысты заңда қамтылған. Оны Мәжіліс жалпы отырыста екінші оқылымда қабылдады.

Депутат Ерлан Сайыров құжаттағы негізгі өзгерістерді атап өтті. Оның сөзінше, егер әке жұмыс істемей, кішкентай баласын бағып отырса, сол уақыт енді оның еңбек өтілі ретінде есептеледі.

“Заң жұмыс берушілерге жынысына қарамастан жалғызбасты ата-аналармен еңбек шарттарын бұзуға тыйым салады. Осы мақсатта “жалғызбасты ана” термині “жалғызбасты ата-ана” терминімен ауыстырылды”, – деді депутат.

Қабылданған түзетулерге сәйкес, ұжымдық шарттарға жұмысқа байланысты жазатайым оқиғаларды қоса алғанда, жәрдемақылар мен өтемақыларды төлеу туралы ереже енгізіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман ұйымның бас менеджеріне тікелей есеп береді. Демек енді олар қауіпсіз еңбек жағдайлары үшін де жауапты болады.

Сонымен қатар, заң еңбек қызметінің бір ғана элементі болған жағдайда жеке тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасасуға тыйым салады.

“Ұжымдық шарттың мазмұны ең жоғары және ең төмен жалақы мөлшерлерінің арақатынасын реттейтін міндетті нормалармен, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде берілетін жәрдемақылар мен өтемақылар туралы талаптармен толықтырылды. Сонымен қатар өндірістік жарақаттың ауырлық дәрежесін айқындау қағидаларын бекіту құзыреті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға берілді”, – деді Сайыров.