Елімізде жұмыссыз әйелдер саны артқан

0
550

Қазақстанда жұмыссыз әйелдер саны бір жылда бірден 4,3%-ға өскен.


Елімізде жұмыссыз әйелдер саны артқан

ERNUR.KZ. Қазақстанда әйелдерді еңбекпен қамту жағдайы қиындап барады. Ер адамдарға қарағанда әйелдер арасында жұмыссыздық басым, деп жазады ҚазАқпарат.

Әйелдер арасындағы жұмыссыздық мәселесі алғаш рет байқалып отырған жоқ.

Өткен жылдың үшінші тоқсанында еліміздегі жұмыссыздар саны 450,3 мың адамға жетті. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға аз.

Қазақстанда жұмыссыздар саны екінші жыл қатарынан қысқарып жатыр. Дегенмен 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда көрсеткіш әлі де 1,9%-ға жоғары.

Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі бір жылда өзгерген жоқ. Өткен жылдың үшінші тоқсанында 4,9%, 2020 жылдың тиісті кезеңінде көрсеткіш 5% еді.

Ал 2019 жылдың үшінші тоқсанында ол 4,8%-ды құрады.

2022 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды. Яғни 5,3%.

Сондай-ақ, Алматы мен Шымкентте, Қызылорда облысы және БҚО-да жұмыссыздықтың орташа деңгейі 5%-дан жоғары болды.

Өңірлер арасында жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі Ұлытау облысында (4,1%). Одан кейін Қарағанды облысы (4,3%) және Астана қаласы (4,5%) орналасқан.

Қалаларда жұмыссыздық деңгейі ауылдарға қарағанда жоғары 4,9 пайыз көрсеткіш 4,8%-ға қарсы.

Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда қалаларда жұмыссыздық деңгейі төмендеді, ал ауылдарда керісінше өсті.

Қалалық жерде жұмыссыз халық саны бір жыл ішінде 0,7%-ға, яғни 271,2 мың адамға қысқарды, ал ауылда 0,8%-ға, немесе 179,1 мың адамға дейін өсті.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі ерлер деңгейінен едәуір жоғары. 5,7% қарсы 4,1% және бұл көрсеткіш 2012 жылдан бері ең үлкен алшақтық ретінде сақталып келеді.

Бір жыл бұрын әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 5,5%, ал ерлер арасында 4,3%-ды құрады.

Қазақстанда жұмыссыз әйелдер саны бір жылда бірден 4,3%-ға өсіп, өткен жылдың үшінші тоқсанында 257,4 мың адамға жетті, ал жұмыссыз ерлер саны 5,5%-ға яғни 192,9 мыңға дейін қысқарды.